автор: Утегенова Рабига Каиржановна
Воспитатель ГККП «Ясли-сад №6»
Көкөністер
ІІ-кіші тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 08.10.2018ж.
Тәрбиеші: Утегенова Р.К.
Білім беру саласы:
Таным
Пән:
Жаратылытану
Өтпелі тақырып:
Күзгі сыйы
Тақырыбы:
«Көкөністер»
Мақсаты:Көкөністерді ажыратуға үйрету, олардың көкөніс дақылдары туралыөсіру білімдерін кеңейту, балалардың танымдық қызығушылығын тәрбиелеу.
1.Тәрбиелік: Көкөністерді ажырата білуге үйрету. Көкөністердің сабақта және жер астында өсетіндігі туралы түсінік беру.
2.Дамытушылық: Көкөністердің ұқсастығымен айырмашылықтарын, ерекшеліктерін ажырата білуге, топтастыруға және жүйелеу қабілеттерін арттыру. Баланың ойлау және сөйлеу қабілеттерін одан әрі дамыту.
3.Оқыту Балалардың қоршаған әлем туралы түсініктерін кеңейту. Балалар әдебиетін қызығушылығын арттыру.
Педагогикалық технологиялар:
АҚ технолгиясы,денсаулықты сақтау технологиясы, ойын технологиясы
Ресурстармен қамтамасыз ету :Көрсету,түсіндіру, орындату.
Көптілділік (ересектер тобына)билингвалдық компонент (ортаңғы, екінші кіші тобы) қызанақ – помидор, алма – яблоко, қызылша – свекла.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
Шаттық шеңбері
Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Сәлем бердік біз
Сәлеметсіздерме ағайлармен апайлар
Балалар біздің қолымызда не бар
Ендеше сол гүлдерді бір-бірімізге сыйлау арқылы жақсы жылы лебіздер сыйлайық.
Еліміз аман болсын
Ата-анамыз аман болсын
Деніміз сау болсын
Нанымыз көп болсын
Көк туымыз желбіреп биік болсын
Әрқашан күн сөнбесін
Елімізде бейбітшілік болсын
-Бірге қайталайды
-Гүл
Балалар бір біріне тарту етеді
- Негізі бөлімі:
Балалар мен сендерге бірнеше жұмбақтар жасырамын сендер шешуін тез табындар
Жұмбақтар
1.Жаздай інге тығылып
Жатқан қызыл түлкіні
Әкелді әжем бір күні
Құйрығынан суырып
2.Жер астында басы бар
Жер үстінде шашы бар
3.Көкпеңбек еді көктемде
Қызарды күз жеткенде
4.Қырыққабат жейде
Осыны да жейді ел
Көкөністер қайда өсетін білеміз бе?
Көкөністер жайлы толық ақпарат беру.
Кәне балалар кім осы көкөністер туралы тақпақтар біледі екен?
Кім айтады?
Сергіту сәті:
Маймақ аю қорбаңдап
Келе жатыр орманда
Тауып алып көп жаңғақ
Тығындады дорбаға
Бір мезетте жәу жаңғақ
Шекесіне доп тиді
Ашуланған ол маймақ
Ызыланып қомпиды.
Дидактикалық ойын: «Көкөністерді баптау»
Бақшаға егу,суару жолдарын ойын арқылы үйрету.
(сәбіз)
(қызылша)
(қызанақ)
(қырыққабат)
балалардың жауабы
Балалар білетін тақпақтарын айтады.
Бірге қайталайды
Қызыға ойнайды
- Қорытынды:
Балаларды мақтау.
Қайталау сұрақтары.
Балалар жауап береді



